ҚР білім берудің зайырлы сипаты / Светский характер образования в РК
Республикадағы білім беру мен тәрбиелеудің мемлекеттік жүйесі діни бірлестіктерден бөлінген және зайырлы сипатта болады. Ата-аналар немесе оларды алмастыратын адамдар өз балаларын өз нанымдарына сәйкес тәрбиелеуге құқылы, бірақ балаларды дінге тарту бойынша мәжбүрлеу шараларына жол берілмейді. Баланың діни тәрбиесі оның физикалық, психикалық денсаулығына және адамгершілік дамуына зиян тигізбеуі керек. Күндізгі жоғары және орта рухани оқу орындарында оқитын азаматтар мемлекеттік оқу орындарының