📌Баланы еңбексүйгіштікке калай баулыймыз? » КГУ "Общеобразовательная школа №20"
Municipal public public institution
"№20 жалпы білім беретін мектеп"
Education Department of Almaty
Reception room:
+7(727) 393-26-02
bookkeeping:
+7(727) 385-60-58
Version for
visually impaired
» » 📌Баланы еңбексүйгіштікке калай баулыймыз?
12
қаңтар
2023

📌Баланы еңбексүйгіштікке калай баулыймыз?

✅Қай заман мен қоғамда болсын жанұядағы бала тәрбиесі аса 
өзекті мәселелердің бірі болған. Тал бесіктен жер бесікке дейінгі 
адам өміріндегі тәрбиенің бастапқы негізгі ұйытқысы да ата-ана 
болып қала беретіндігіне еш күмән жоқ. Сол себепті баланы еңбексүйгіштікке баулуда ата-ананың ықпалы өте зор. 
 
✅Тәрбие үдерісі көп еңбектенуді, сондай-ақ ата-аналардың дене күші мен ақыл-ой-моральдық күшін де қажетсінеді. Сол себепті балада мінездің белгілерін, олардың 
адамдар мен өмірге деген қатынасының негізін салу қажет. 
 
✅Қазіргі таңда қоғамға пайдалы еңбекқор тұлғаны қалыптастыру 
үшін баланы дайын нәрсеге үйретпеу, жасына немесе жеке 
қабілетіне қарай жауапкершіліктер жүктеу, істің жасалу жолын үлгі 
бойынша көрсету, нақты мақсаттар қоюды үйрету, сұхбат жүргізу және оларға еңбекқорлықтың маңызын түсіндіру қажет. Осы 
дағдыларды терең меңгерген бала еңбектенудің маңызын түсінеді. 
 
✅Еңбектену – бақыттың ең бірінші шарты. Онсыз материалдық 
немесе рухани байлыққа қол жеткізу мүмкін емес. Себебі, еңбек адамның денсаулығы мен психикасына жаңа екпін беріп, күш сыйлайды.

#балаларжылы #еңбек