Соңғы қоңырау / Последний звонок » КГУ "Общеобразовательная школа №20"
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№20 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 393-26-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 385-60-58
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Соңғы қоңырау / Последний звонок
25
мамыр
2024

Соңғы қоңырау / Последний звонок

Мінеки, араға жылдар легін салып, кеше ғана бүлдіршін болып мектеп табалдырығын аттаған біздің ұл-қыздарымызды жүйрік уақыт түлек етіп ұясынан ұшырғалы отыр. Мектеп қашанда жақсылық пен ізгіліктің, парасаттылық пен руханиятқа толы ойдың, таным мен тәрбиелі істердің ордасы болған. Біздің перзенттеріміз де осында өткізген оқушылық өмірлерінде осындай ұлағатты істердің ұшқынын бойына сіңірді, тәлімімен жүрегін суарды, байыпты бағдарын бағыт етіп ұстанды, біліми көкжиегін бойына дарытты. Біз әр сәт, әр жылдар сайын олардың бойындағы осынау өміршең өзгерістерді байқап, олармен бірге қуандық, бірге мақтандық. Енді оларды өздерінің асыл ұясы — мектебі түлек етіп ұшырғалы отырған күннің де куәсі болдық, бойымызды тағы да ата-ана ретінде мақтаныш сезімі кернеп отыр. Бұл үшін мектеп анаға мың алғыс!
Құрметті ұстаздар! Біздің бойымыздағы өз перзенттеріміздің қуанышынан туындап отырған сезімді Сіздер жақсы түсінесіздер. Өйткені Сіздер осыдан санаулы жылдар бұрын ғана мектеп есігін ашқан біздің көзіміздің ағы мен қарасындай перзенттеріміздің жақын адамына айнала біліп едіңіздер. Біз сіздерге сенім арттық. Сіздер әр кезде де біздің сүйікті ұл-қыздарымыздың болашағына бізбен қатар алаңдадыңыздар, сол болашақтың басты қаруы болып табылатын білім атты асыл күшті олардың бойына бүлдіршін кезінен бастап сіңіре білдіңіздер. Сіздер тәрбие мен имани құндылықтарға негізделмеген білімнің біржақты дүние боп қаларын жақсы білген едіңіздер, сондықтан да олардың бойына үнемі руханият пен ізгіліктің, адамгершілік пен адам болмысындағы ең асыл қасиет — ішкі мәдениеттің шамшырағын жағуға асықтыңыздар. Оларға өз мемлекеті мен қоғамын және де ғасырдан ғасырларға жалғасарлық бай мәдениет қалыптастырған өз ұлтын сүюді, қасиетті Тәуелсіздігін құрметтеуді үйрете алдыңыздар. Құрметті ұстаздар, біз осы жолда Сіздерге ешқашан да оңай болмағандығын жақсы түсінеміз. Сіздер осы бір қасиетті міндетті нақ осы заманғы өлшеусіз істерге толы, бүгінгі жаңалығы бір сәт уақыт өтпей-ақ "ескіріп" жататын XXI ғасыр қоғамында, жаңа ғасыр мектебінде еңбек етіп, атқарып отырсыздар. Сіздерге өздеріңізден бұрынғы заманның тамаша ұстаздары қалыптастырып кеткен лайықты тәжірибелерді үйрене отырып, уақыт ағымына жедел ілесе алу міндеті жүктелді. Сіздер шынында да тамаша дәстүр жалғастығын сақтай біліп, заманауи біліммен қаруланушылардың өз қоғамдарыңыздағы алғашқы легінде бола алдыңыздар, өз ғасырыңыздағы білім берудің соны тәсілдерін лайықты түрде бойға жинақтадыңыздар. Сіздердің осындай ұшан-теңіз еңбектеріңіз бен төгілген маңдай терлеріңіз болашақтың қарлығаштары — біздің сүйікті перзенттеріміз үшін атқарылғандығын біз жақсы түсінеміз. Осы үшін де Сіздерге мың алғыс, Ұстаз!


Последний прощальный звонок...
Он школьной жизни подводит итог.
Звенит, отправляя всех вас в добрый путь,
Детство ведь школьное уже не вернуть.
Родными стали вам школьные стены,
А как было весело на переменах.
В памяти школьные шальные года
Останутся пусть на всю жизнь, навсегда.
Как долго вы ждали такой звездный час!
... но в прошлом останется школа и класс.
Радостью наполнен тот миг, оптимизмом,
Уверенно и достойно идите по жизни.

Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаевтың 25 мамыр - соңғы қоңыраумен  құттықтауы » Qyzylorda 200 jyl