22 наурызда республика көлемі, аудан мен ауыл-аймақтардан басталатын мейрам сәуір айының ортасына дейін тойланып жүр. Бұл да бірлігі жарасқан бейбіт елдің бір бақыты болса керек-ті. Сондай іс-шаралардың бірі – Алматы қаласындағы №20 ЖББМ өтті » КГУ "Общеобразовательная школа №20"
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№20 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 393-26-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 385-60-58
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 22 наурызда республика көлемі, аудан мен ауыл-аймақтардан басталатын мейрам сәуір айының ортасына дейін тойланып жүр. Бұл да бірлігі жарасқан бейбіт елдің бір бақыты болса керек-ті. Сондай іс-шаралардың бірі – Алматы қаласындағы №20 ЖББМ өтті
17
наурыз
2023

22 наурызда республика көлемі, аудан мен ауыл-аймақтардан басталатын мейрам сәуір айының ортасына дейін тойланып жүр. Бұл да бірлігі жарасқан бейбіт елдің бір бақыты болса керек-ті. Сондай іс-шаралардың бірі – Алматы қаласындағы №20 ЖББМ өтті

Отыз күн ойынын, қырық күн тойын жасаған қазақ халқы үшін кез келген мерекенің орны айрықша. Әсіресе, Наурыз мейрамын кең көлемде атап өту дәстүрі жылдан-жылға қанатын жайып келеді. 22 наурызда республика көлемі, аудан мен ауыл-аймақтардан басталатын мейрам сәуір айының ортасына дейін тойланып жүр. Бұл да бірлігі жарасқан бейбіт елдің бір бақыты болса керек-ті. Сондай іс-шаралардың бірі – Алматы қаласындағы №20 ЖББ мектебінде өтті. Демалыс күніне орай ұйымдастырылған іс-шараға ата-аналардың көптеп келгені байқалды. Ұл-қыздарының өнерін көріп, бір мәз болыс-ты. Әсем ән де... күмбірлеген күй де... мың бұрылған бишілердің биі де... барлығы-барлығы жиналған көпшілікті үлкен қуанышқа бөледі. №20 ЖББ мектептегі салтанатты іс-шара Наурыздан бөлек, Мектептің 70 жылдық мерейтойын  орайластыра ұйымдастырылған. Ал жүргізушілердің тапқырлығы мен сөз саптау шеберлігі шыңдалғаны анық байқалды. Қазақтың ұлттық киімі қандай әдемі десеңізші?! Ұлттық нақыштағы киімнің бір үлгісі Наурыз биі. Мектеп ұстаздары да өнерден құр алақан емес екендіктерін көрсетті. №20 ЖББ мектебіндегі Наурыз мейрамы кішкентай балақайлар үшін де қызыққа толы болды. Аға-әпкелерінен "қалыспай" би билеп... Наурыз мейрамын "өздерінше" көңілді өткізді. Мейрам соңына қарай 7 сынып оқушылары "Алға Қазақстан" флешмоб биледі. "Алға Қазақстан" флешмобтан кеиін, жиналған жұртшылыққа той бастар таратылды. Бұл - көпшілік күтпеген тосынсыйлардың бірі болды. Мейрамға келгендер сарқыттан қуана-қуана дәм ауыз тиіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарқады.