17 февраль күні Қазақстан Ұлттық телеарнасында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев сұхбат берді. » КГУ "Общеобразовательная школа №20"
Коммунальное государственное учреждение
"Общеобразовательная школа №20"
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 393-26-02
Бухгалтерия
+7(727) 385-60-58
Версия для
слабовидящих
» » 17 февраль күні Қазақстан Ұлттық телеарнасында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев сұхбат берді.
18
февраль
2022

17 февраль күні Қазақстан Ұлттық телеарнасында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев сұхбат берді.

Президент сұхбат барысында қасіретті январь оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік рефомалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға жауап берді.
Президент сұхбатының ең негізгі мәселелері, январь оқиғасына қатысқандардың ісін қарастыру және ол қоғамның бақылауында екенін айтты. Қ.Тоқаев «Біз елден ештеңе жасырмаймыз» және ол адал шешімін табады деп жауап берді.
Қ.Тоқаев сонымен бірге, Алматы қаласының жаңа әкімі Ерболат Досаевтың Алматы қаласын қайта қалпына келтіру жөнінде үлкен жауапкершілікпен қарайтынын және оған сенім артатынын айтты.
Сұхбаттың басты мәселесі, жер мәселесі де атап өтілді. Мұнда, Қ.Тоқаев Ресей мен Қазақстан арасында жер мәселесі туралы ешқандай дау тумағанын және бұл мәселе ешқашан көтерілмейтінін атап өтті.
Келесі маңызды мәселелердің бірі – басқару жүйесіндегі өзгерістер. Басқару жүйесіне сауатты және белсенді басқарушыларды тарта отырып, бұл тәжірибе алаңы емес, аппаратты ауыстыру үшін белгілі бір уақыт керек екендігін айтты.
Қорытындылай келе, отандастарды елінің патриоты болуға шақырды.