Алматы қаласы Білім басқармасының
"№20 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 393-26-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 385-60-58
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жеке кеңістік және дене шекаралары» тақырыбындағы қыздармен профилактикалық әңгіме / Профилактическая беседа с девочками на тему «Личное пространство и границы тела»
27
қаңтар
2026

«Жеке кеңістік және дене шекаралары» тақырыбындағы қыздармен профилактикалық әңгіме / Профилактическая беседа с девочками на тему «Личное пространство и границы тела»

Тақырыбы: «Жеке кеңістік және дене шекаралары»

Әр адамның өзіне ғана тиесілі жеке кеңістігі мен дене шекаралары бар. Бұл — адамның өзін жайлы, қауіпсіз және сенімді сезінуі үшін өте маңызды. Әрбір қыз бала өз денесінің қожайыны екенін білуі керек.

Жеке кеңістік — бұл адамның өзіне ыңғайлы арақашықтығы, ал дене шекаралары — басқа адамдардың біздің рұқсатымызсыз денемізге қол тигізбеуі. Ешкімнің, тіпті таныс немесе жақын адамның да, сіздің келісіміңізсіз қол тигізуге құқығы жоқ.

Егер біреудің әрекеті сізге жағымсыз сезім тудырса, қорқыныш немесе ыңғайсыздық болса, бұл — тоқтау керек деген белгі. Мұндай жағдайда «жоқ» деп айтуға, алыстап кетуге немесе көмек сұрауға болады және бұл дұрыс әрекет болып саналады.

Кейбір жағдайларда (мысалы, дәрігер қарауында немесе ата-ананың көмегі кезінде) денеге қол тигізу қажет болуы мүмкін. Бірақ мұндай жағдайда да бәрі түсіндіріліп, сіз өзіңізді қауіпсіз сезінуіңіз керек.

Өзіңізді мазалаған немесе түсініксіз жағдай болса, оны жасырып қалмау маңызды. Сенетін адамға — ата-анаңызға, мұғалімге, психологқа немесе медицина қызметкеріне айту қажет.

Есте сақтаңыздар:
өз денеңізді құрметтеу — өзіңізді құрметтеу.
Жеке кеңістік пен дене шекараларын сақтау — сіздің қауіпсіздігіңіз бен денсаулығыңыздың маңызды бөлігі.


Тема: «Личное пространство и границы тела»

У каждого человека есть своё личное пространство и границы тела. Это важно для того, чтобы чувствовать себя комфортно, безопасно и уверенно. Каждая девочка должна знать и понимать, что её тело принадлежит только ей.

Личное пространство — это комфортная дистанция между людьми, а границы тела означают, что никто не имеет права прикасаться к вашему телу без вашего согласия. Ни знакомые, ни незнакомые люди, ни даже близкие не могут трогать вас, если вам это неприятно или вы не согласны.

Если чьи-то действия вызывают у вас чувство страха, стеснения или дискомфорта — это важный сигнал, что ситуация неправильная. В таком случае можно и нужно сказать «нет», отойти в сторону или обратиться за помощью. Это нормально и правильно.

Бывают ситуации, когда прикосновения допустимы — например, во время медицинского осмотра или когда родители помогают заботиться о здоровье. Но даже в этих случаях всё должно быть понятно и не вызывать у вас тревоги или страха.

Если с вами произошла неприятная или непонятная ситуация, не нужно молчать и скрывать это. Важно рассказать об этом взрослому, которому вы доверяете: родителям, учителю, школьному психологу или медицинскому работнику.

Помните:
уважение к своему телу — это уважение к себе.
Соблюдение личного пространства и границ тела — важная часть вашей безопасности и заботы о здоровье.