Республика күні / День Республики » КГУ "Общеобразовательная школа №20"
Алматы қаласы Білім басқармасының
"№20 жалпы білім беретін мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 393-26-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 385-60-58
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Республика күні / День Республики
25
қазан
2024

Республика күні / День Республики

Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен еліміздің ұлттық мерекесі қатарына қайта қосылды. Көпшілік білетіндей, 1990 жылғы 25 қазанда «Егемендік туралы» декларация қабылданды, еліміз тәуелсіздікке бет бұрды, азат болудың алғышарты жасалды. Сондықтан біз үшін бұл күннің орны ерекше.
Қазіргі шақта Жаңа, Әділетті Қазақстанды құрудың маңызды қадамдары жасалуда. Еліміздің құрылымдық жүйесінде, саяси-экономикалық бағытында жаңғыртулар қолға алынды. Халық жаңа қоғам қалыптастыруға деген бастамаларға қолдау білдірді. Демократиялық үрдістерді орнықтыруға, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бұл өзгерістердің жетісулықтар үшін де маңызы зор болмақ.
Мемлекет басшысының «Біз үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі  бәрінен қымбат. Осы тұрақсыз, құбылмалы әлемде  Қазақстанымыз бізден басқа  ешкімге керек емес. Сондықтан, маған  елімнің амандығы мен жерімнің тұтастығынан асқан  ешбір құндылық жоқ», - деген сөзі әрқайсымыздың жадымызда жатталып тұр.
Құрметті қауым! Республика күні мерекесі құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ дарып, ырыс ұяласын! Елімізге тыныштық, халқымызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс, игілікті ғұмыр тілеймін!

Поздравляю вас с Днем Республики - особенным праздником для каждого гражданина суверенного Казахстана!
В этот день мы с гордостью и уважением вспоминаем богатую историю нашей страны, её достижения и преодоленные трудности. Строительство современного Казахстана – это результат труда и усилий каждого гражданина, вклад каждого поколения.
Сегодня Казахстан – это символ стабильности, мира и процветания. Мы ценим многообразие культур и национальностей, объединяясь в стремлении к благополучию и развитию.
В этот торжественный день желаю всем вам здоровья и благополучия, счастья и успехов в работе и учебе. Пусть ваш труд на пути устойчивого развития и совершенствования Казахстана будет успешным во всех начинаниях. Наша Республика пусть процветает, а её народ живет в мире и гармонии!